Аутистикалық спектрінің ауытқушылығы бар балалар тобына арналған жүзуден ашық сабақ

Жаңалықтар архиві »

Шілде 15, 2017

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 шілде күні Алматы қаласында «Су түрлері бойынша республикалық орталық» АҚ-ның негізінде, «Туризм индустриясы мен спортты дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесе, «Samruk-Kazyna Trust» бас серіктестің қолдауымен аутистикалық бұзылуы бар балалар тобына жүзуден екінші ашық сабақ жүргізілді.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 15 маусым күні «Су түрлері федерациясы» РҚҰ-ң жаттықтырушыларымен аутистикалық бұзылуы бар балалар тобына ашық сабақ өткізіліп, оның барысында жүзу техникасының түрлі мәнерлерінің негізгі элементтері көрсетілді.

Екінші сабақта осы топпен алғашқы сабақта меңгерген негізгі жүзу элементтері бекітіліп, сонымен қатар, Сазыкина О. С. және Сазыкин Н. А. жаттықтырушылардың көмегімен, балалар құрлықта жүзу техникасын меңгеру үшін және суда сенімді сезіну үшін жаттығулар қатарын үйренді.

Психиатр-дәрігер, аутизмі бар балалардың дамуы мен бейімделуі бойынша маман Русакова И. В. айтуынша — «Аутизмі бар балалар сенсорлық шамадан тыс жүктемені жиі сезінеді, әдеттегідей олардың мінез-құлқы тиянақсыз болуы мүмкін. Дене жаттығулары оларға қиыншылықтарды өткеруге, сонымен қатар топтық жаттығуларды орындауға қатысуға көмектеседі. Жүзуді үйрену когнитивті қабілеттіліктерді арттыруға жәрдемдеседі, жүзу жаттығуларын жасау кезінде ой қабілеттілігі мен сөйлеу елеулі жақсарады. Сонымен қатар, балалар өздерінің дене дайындығын жақсартып, төзімділік пен мақсаттылыққа ие болады.»

Балалар жаңа жаттығулармен аса қызығұшылықпен танысып, алған дағдыларын жүзу бассейнінде көрсетті. Олардың күн сәулесіндей күлімдеуі және көтеріңкі көңіл күйлері жаттықтырушылар үшін өткізілген сабақ үшін ең жақсы ризашылық болып табылады.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз