Маусым 12, 2025
БАЛАЛАР СЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІ
«RAKHAT FITNESS» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ КЛИЕНТТЕРІ МЕН ҚОНАҚТАРЫ ҮШІН!
Күні: 2025 ж. 14 маусым.
Өткізу орны: № 8 жазғы алаң, «RakhatFitness» спорт клубы, Абай даңғылы, 48, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, 050022
Толық ақпаратты телефон арқылы білуге болады: + 7 (727) 2 555 888
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА — 9:00
Гимнастикалық элементтердің әртүрлі комбинациясы және гимнастикалық заттармен би қимылдары музыкамен орындалатын әсерлі және әдемі әйелдер спорты. Жаттығу дененің сұлулығы туралы түсінік қалыптастырады, талғам мен әуенділікті тәрбиелейді. Сабақтарда күшке, жылдамдыққа және икемділікке жаттығулар қолданылады. I — бастаушы, II — жалғастырушы (гимнастикалық заттармен жұмыс).
КАРАТЕ — 10:00
Бұл қорғаныс пен шабуылды білдіретін жапондық жекпе-жек өнері. Бұл физикалық қабілеттерді дамытып қана қоймай, рухты нығайтатын және мінезді қатайтатын спорт түрлерінің бірі. Бұл жекпе-жек ұлдарға да, қыздарға да пайдалы.
K-POP — 11:00
K-PopDance — бұл Оңтүстік Кореяда танымал K-Pop музыкалық мәдениетімен бірге пайда болған би стилі. Бұл би стилі динамикалық және жігерлі қозғалыстармен, K-Pop музыкасының синхронды ырғақтарымен сипатталады. K-POP — бұл хип-хоп, стрит-данс (көше биі), модерн (заманауи), джаз элементтерінің қоспасы, ол корей әртістерінің жарқын харизмасымен, жанды эмоцияларымен толықтырылған.
AQUA ZUMBA KIDS — 16:00
Аква зумба — бұл Зумба дәстүрлі су аэробикасы тәртібімен үйлесетін көңілді және жігерлі бассейндік би жаттығуы. Хореография жаттығулардан тұрады: орнында жүгіру, секіру, аяқ соққылары, қолдың су астындағы екпінді қимылы, жамбастың қозғалысы. Қозғалыстар латын музыкасының қарқыны мен ырғағына сәйкес келеді.
ZUMBA KIDS — 17:00
Зумба — би және аэробика элементтерін біріктіретін фитнес бағдарламасы. Көңілді музыкамен балалар денсаулықты нығайту және дене бұлшықеттерін жаттықтыра отыра, ырғақта қозғалуды үйренеді.