Шілде 12, 2025
Талдықорған, 2025 жылғы 9 шілде — 5 шілдеден бастап 6 шілде аралығында Талдықорған қаласында 23 жасқа дейінгі (U-23) ерлер мен әйелдер командалары арасында 3x3 форматындағы баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Мақтанышпен хабарлаймыз: «Rakhat Fitness» спорт клубының U-23 командасы турнирде жоғары жеке шеберлікті, тактикалық бірлікті және нағыз спорттық рухты көрсетіп, алтын медаль иеленді.
Турнирге Алматы, Тараз, Атырау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының ең мықты сегіз командасы қатысты. «Rakhat Fitness» командасы топтық кезеңнен сенімді түрде бірінші орынмен өтіп, жартылай финалда Байзак №8 ОБЖСМ командасын 22:12 есебімен ойсырата жеңді.
Финалда нағыз тартысты текетірес өтті — «Барсы Атырау» командасымен кездескен «Rakhat Fitness» шын мәнінде алыптар шайқасын өткізді. Негізгі уақыт тең аяқталды, алайда қосымша уақытта «Rakhat Fitness» 20:18 есебімен жеңісті жұлып алды — осылайша, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында 3x3 баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!
Чемпион-командасының құрамы:
Rakhat Fitness командасының ойыншысы-Эльдар Хилажев, турнирдің MVP танылды
«Rakhat Fitness» СК атқарушы директоры Сергей Дроздовтың пікірі:
«Командамыздың жеңісі — кездейсоқтық емес. Бұл жүйелі еңбектің, спортшыларға деген сенімнің, ата-аналардың қолдауы мен жаттықтырушылардың жоғары кәсібилігінің нәтижесі. Біз нағыз спорт мектебін біртіндеп қалыптастырып келеміз — және бұл жеңіс біз дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айғағы.»
«Rakhat Fitness» СК турнирді ұйымдастырушыларға, спорт федерациясына, сондай-ақ командаға сенім білдіріп, әрдайым жанынан табылған барлық жанкүйерлерге шынайы алғыс білдіреді.
Жеңіс — бұл тек басы ғана! Алға, Rakhat Fitness!