«Rakhat Fitness» СК жасөсіпірімдер командасы U‑23 — 3×3 баскетболдан Қазақстан Республикасының Чемпионы!
Жаңалықтар архиві »
Тамыз 4, 2025
Талдықорған, 9 шілде 2025 жыл.
5 — 8 шілде аралығында Талдықорған қаласында 3×3 баскетболдан 23 жасқа дейінгі (U‑23) ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Мақтанышпен хабарлаймыз: «Rakhat Fitness» СК U‑23 командасы шеберліктің ең жоғарғы деңгейі, тактикалық кемелдік және жеңіске деген құштарлығының арқасында чемпионаттың алтын медальдарын ұтып алды.
Жеңімпаз-команда құрамы:
- Армон Аслан
- Данила Марголин
- Эльдар Хилажев
- Ролан Гулиев.
Бүгін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Rakhat Fitness» СК басшылығы чемпиондарды құттықтап, команданың барлық ойыншыларына керемет жетістіктерін атап өту мақсатында ақшалай сыйлықтар табыстады.
«Rakhat Fitness» СК атқарушы директоры Сергей Дроздовтың пікірі:
«Командамыздың жеңісі — бұл бапкерлермен, ата-аналармен және спортшылардың өздерімен бірге көптеген жылдар бойы салып келе жатқан жоғары әлеуеттің, жүйелі дайындықтың және мықты спорт мектебінің дәлелі. Бұл нәтиже — еліміздегі жастар спортын дамытудың барлық жүйесі үшін алға жасалған маңызды қадам».
«Rakhat Fitness» СК чемпионатты ұйымдастырушыларға, қарсыластарға жақсы ойын үшін және турнир бойы қолдап келген жанкүйерлерге алғысын білдіреді.