Қараша 12, 2025
2025 жылғы 19 қазанда өткен "Орталық Азия кубогы” карате жарысында біздің "Rakhat Fitness” спорт клубының тәрбиеленушісі, 9 жастағы Мұхамедханова Алуа ITKF бойынша "Shobu — Kumite” санатында Орталық Азия кубогының чемпионы атанды, сондай-ақ ITKF бойынша "Kata” санатында Орталық Азия кубогының күміс жүлдесін иеленді.
Жаттықтырушы: Шамшадин Нұрали Дарханұлы
Бапкеріміз бен жас чемпионымызды зор мақтанышпен әрі шексіз қуанышпен осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақыттарыңыз табыс пен жаңа белестерге толы болсын. Әрбір жарыс сіздерге шабыт, сенім және жаңа жеңістер әкелсін! Бұдан да биік тұғырлар мен ұмытылмас жарқын сәттер сіздерді күтсін!