Су спорты түрлерінен VIII Азия чемпионаты (AASF)

Жаңалықтар архиві »

Қазан 16, 2015

Таиланд астанасында су спорты түрлерінен Азияның VIII чемпионаты (AASF) аяқталды. Биылғы жылы екі жылда бір өткізілетін аса ірі континенталдық турнирде 38 елден мыңнан аса жас спортшылар қатысты. Олар үш жастық санаттағы медальдар үшін ойнады: "А" (18 жас және одан үлкен), "В" (15–17 жас) және "С" (13 жас және одан кіші).

Жүзуден болған жарыстарға 34 азиялық мемлекеттің өкілдері қатысты. Біздің елдің намысын арнайы республикалық жинаудан өткен 12 жас талант қорғады. Олардың қатарында төрт алматылық жүзгіштер «Rakhat Fitness» СК тәрбиеленушілері: Ирина Архипова, Александра Шатских, Рахымжан Агибаев ("В" жастық тобы), сондай-ақ Диана Злобина ("С" жастық тобы).

Қазақстан командасы Бангкокте 13 медаль (3 алтын, 5 күміс, 5 қола) жеңіп алды. Қорытындысында ресми емес жалпы командалық есепте Қазақстанның құрама командасы жоғарғы сегізінші орынға ие болды. «Rakhat Fitness» СК тәрбиеленушілері де жеңіске өз үлестерін қосты.

Ирина Архипова өткен жарыстарда бес рет құрмет тұғырына көтерілді. Ол 4 х 100 метр аралас құрама эстафетасында алтын медальді жеңіп алды. Оның жүлдесінде сондай-ақ екі «күміс» бар: баттерфляймен 50 метрлік қашықтықта және еркін түрдегі 4 х 100 метр эстафетада және эстафеталық жүзуде екі «қола».

Александра Шатских және Рахымжан Агибаев өз қашықтықтарында финалдық жүзулерге қатысты, жүлделі орындар үшін күресті, бірақ балалардың тәжірибесі жеткілікті болмады және сәттілік болмады – тұғырдың жоғары баспалдағына басқа спортшылар көтерілді. Алайда Азия чемпионатының финалында төртінші және бесінші орын алу – бұл да жеңіс және аз ғана жеңіс емес.

Диана Злобина, бұл жарыстардың жас қатысушысы, жақсы дайындығын көрсетті және өзінің іріктеу жарысы нәтижелерін жақсартты.

«Rakhat Fitness» СК балаларды және олардың жаттықтырушысы Татьяна Сергеевна Ермакованы табысты ойындарымен құттықтайды және жаңа жарқын жеңістер тілейді, ондай жеңістер міндетті түрде болады, біз бұған сенеміз!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз