Жүзуден Қазақстан чемпионаты

Жаңалықтар архиві »

Қараша 18, 2015

Ақтөбеде туған жылы 2002 жылдан аспаған жасөспірімдер мен қыздар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Еліміздің біріншілігіне ҚР барлық өңірлерінен 400 аса жас спортшылар қатысты.

Бұл турнир «Rakhat Fitness» №5 МКБЖСТМ жас жүзушілерінің толықтай басым түсуімен өтті. «Достық» бассейнінде үш күн бойы марапаттардың 23 жинағы ойналғанын айтсақ та жеткілікті. Және алтын медальдардың үштен бір бөлігіне біздің клуб тәрбиленушілері ие болды. Олардың марапаттар жинағында сегіз алты, жеті күміс және үш қола медаль бар!

Қыздар бәсекелесінде Анастасия Резванцева (4 алтын), Қорлан Әмірханова (2 алтын, 3 күміс, 1 қола), Яна Матвеева (2 қола) табысты өнер көрсетті. Жасөспірімдер сайысында Эрик Завизион (2 күміс) және Тимур Кадыров (1 күміс) көзге түсті. Сондай-ақ №5 "Rakhat Fitness" МКБЖСТМ жаттықтырушы Татьяна Ермакова тәрбиелеген спортшылар 4х50 м еркін стиль (қыздар) және 8х50 құрама/аралас эстафеталар қорытындылары бойынша құрмет тұғырының бірінші баспалдағына екі рет көтерілді. Тағы бір күміс жүлдені олар кешенді жүзудегі 4х50 м эстафетада жеңіп алды.

Ақтөбедегі турнир «Көңілді дельфин» республикалық сайыстың қорытынды сериясында болды. Бұған дейінгі екі сатысы Қарағанды мен Петропавлда өтті. Үш жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жүзушілері анықталды. Олар көп сатылы жарыс есебінде Рудольфтың бағалау кестесі бойынша ең көп ұпай алған спортшылар болды. Қыздар жарысында бірінші және екінші орынды тиісінше «Rakhat Fitness»№5 МКБЖСТМ тәрбиленушілері Анастасия Резванцева мен Қорлан Әмірханова алды. Жасөспірімдер бәсекелесінде Эрик Завизион мен Елмұрат Рымханұлы, Тимур Кадыров ең алты үздіктер қатарына кірді. Жинаған ұпайларының саны бойынша «RakhatFitness» №5 МКБЖСТМ командалық есепте бірінші орын алды.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз