Желтоқсан 22, 2015
Өткен жексенбіде, 20 желтоқсанда, 2003 жылы туған және одан жас жасөспірімдер мен қыздар арасында баскетболдан қала чемпионатының финалы өтті.
Осы күні өткен үш ойынның ішінде үшінші және бірінші орындар үшін болған кездесулер аса үлкен қызығушылық тудырды. Өз командасының атын турнир кестесінің үшінші жолында көру құқығы үшін Жармухамедов академиясының екі командасы сайысқа түсті: «Академия» и «Академия-2». Ойынның салыстырмалы тұрақтылығын кездесу соңында «Академия-2» командасы бұзды: бар күші мен еркін жинақтап, ол өз «аттасын» ұтып, үшінші орынға шықты.
Ойында бірінші орын үшін рейтингтің бірінші жайғасымынан кетпей, финалға жақындаған командалар – «Дорожник» (№3 БЖСМ) және «Рахат Фитнес» кездесті. Бұл ойында ерекше тартыс болмады: «рахаттықтар» күштірек болды және кездесуді 72:23 есебімен аяқтап, бүкіл ойынды жүргізді. «Рахат Фитнес» чемпион болды, екінші орынды «Дорожник» алды.
Біз «Рахат Фитнес» командасын құттықтаймыз, ол бүкіл ержүректік қасиет көрсетті және бұл баскетбол марафонынан абыроймен өтті, өйткені чемпиондық үшін күрес өткен жылдың ақпанында басталды. Балаларға денсаулық, көп алуан түрлі және қызықты турнирлер тілейміз, әрине оларда жеңіске жетуді тілейміз.
Барлық жас спортшыларды енді Алматының баскетболдан чемпиондары деп атағымыз келеді! Олар:
1. Юсупов Арслан
2. Кочергин Алексей
3. Марголин Данила
4. Ордоков Арсен
5. Гуренко Глеб
6. Махатов Гани
7. Ермаков Александр
8. Волков Андрей
9. Айстраханов Роман
10. Марголин Ярослав
11. Золотухин Егор
Жарайсыңдар!