«Rakhat Fitness» спорт клубының құрамасы Астанада өткен Қазақстан чемпионатында жүзу бойынша үшінші жас тобында сәтті өнер көрсетті

Жаңалықтар архиві »

Сәуір 21, 2016

Республикалық жарыста ҚР-ның 11 облысынан 13 команда қатысты. Бірінші жалпы командалық орын «Rakhat Fitness» тәрбиеленушілерінен құралған «Алматы-1» жасөспірім жүзушілерге тиді. Оңтүстік астанадан барған жасақ 2313 балл жинады. Екінші орынды иеленген жарыс иелері, сынақтан 890 ұпай жинады. Үшінші орын Қарағанды облысының құрамасына бұйырды – 1 (866).

Жеке жарыста ел чемпионаты медальдарын жаттықтырушы Татьяна Сергеевна Ермакованың келесі тәрбиеленушілері алды: Александра Шатских (4 алтын, 1 күміс), Ирина Архипова (4 алтын), Рахымжан Агибаев (2 алтын, 2 күміс), Анастасия Резванцева (1 алтын, 1 күміс), Дмитрий Куликов (1 алтын), Евгения Дин (2 күміс), Сарра Есенбаева, Эмиль Ахназаров (2 қола), Дмитрий Куликов және Камила Валиева (1 қола).

ҚР чемпионатында алғаш рет жүзудің бес түрінен ауыспалы кубоктар ойнатылды. Және олардың бәрі «Rakhat Fitness» клубының жас дарындарына бұйырды. Ең үздік құлаштап жүзгіш атағы Ирина Архиповаға (651 балл FINA), арқамен жүзу – Анастасия Резванцеваға (651), кеудемен жүзу – Рахымжан Агибаевқа (610), баттерфляйда тағы да жеңіс Ирина Архиповаға (666), кешенді жүзуде – Александра Шатскихқа (689) берілді.

Біздің жүзгіштерімізді ел чемпионатында тамаша өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Кесте / Прайс
Бағдарламалар сипаттамасы
Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз